Коронавирус: Тоқаевтың Олимпиада чемпиондарымен кездесуі кейінге қалды

Коронавирус: Тоқаевтың Олимпиада чемпиондарымен кездесуі кейінге қалды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиада чемпиондарымен кездесуі кейінге қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында коронавирус анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр", - деді Берік Уәли.

Еске салайық, Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жеті медаль алды. Оның біреуі алтын, үшеуі күміс және үшеуі қола. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина