Республика бойынша коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық референдумда дауыс беру күні санитарлық-профилактикалық шараларды қамтамасыз ету туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
Оның айтуынша, республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есеге азайды. Биылғы жылдың қыркүйегінде республикада ЖРВИ-мен 544 мың жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың қыркүйегінде ауру деңгейінен 27 пайызға төмен.
Республикалық референдум өткізу кезінде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуын ескере отырып, референдумға қатысушылардың жиналуына жол бермей, олардың ағынын реттеу, желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дауыс беруге арналған үй-жайларды тұрақты желдету, сондай-ақ арнайы жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізу ұсынылды.
Айта кетейік, АЭС салу мәселесіне қатысты референдум 6 қазанда өтеді. Ол үшін Қазақстан 15,5 млрд теңге жұмсамақ.
АЭС бойынша референдумда дауыс беретін учаскені қалай анықтауға болатынын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы біле аласыз.
Референдумда тек бір сұрақ қарастырылады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ қана болады. Басқа сұрақ жоқ. "Иә", "жоқ" деген жауап болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!