- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Коронавирус кезінде иіс...
Коронавирус кезінде иіс сезу қабілетінен айырылғандар ақымақ бола бастайды - дәрігер
Коронавирус жұқтырған кезде иіс сезу қабілетінің жоғалуы адам интеллектіне кері әсер етуі мүмкін. Себебі иістер адам миының жұмыс істеуіне әсер етеді. Бұл туралы невролог дәрігер Павел Хорошев URA.RU басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, депривация яғни қандай да бір иісті сезудің жоғалуы адамның танымдық қабілетінің және ақыл-ойының төмендеуіне әкеледі.
"Көп ақпаратты көз арқылы аламыз. Яғни адамның көзі көремесе интеллекті төмендей бастайды. Бірақ оның орнын адамдармен көп араласып немесе кітап оқумен толтыруға болады. Ақпарат алудағы екінші маңызды арна - құлақ. Естімеген жағдайда да ақыл-ой деңгейі төмендей бастайды. Оның да орнын толтыруға болады", - дейді Павел Хорошев.
Неврологтың сөзінше, адам өмірінде иіс сезу қабілетін көбі "бағаламай жатады".
"Бұл "бағаланбай қалған" орган. Мысалы, тоңазытқыш жоқ кезде көмекке иіс сезу қабілеті келеді. Шын мәнінде, иіс сезу қабілетінің мүмкіндіктері таңғажайып. Оның көмегімен өзімізге пайдалы не пайдасыз затты ажырата аламыз. Ал коронавирус кезінде иіс сезу қабілетінің бұзылуы жалпы танымдық қабілеттерге әсер етеді. Себебі иіс сезу барлық органның жұмыс істеуіне әсер етеді. Бұл күнделікті жаттығу, гимнастика секілді", - дейді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина