Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін таңертең 8 науқас тіркелді. 1959 жылы туған әйел Алматыда инфекциялық ауруханада жатыр. Ол бұрын ауруханаға түскен науқастың әйелі, яғни жақын байланыстар санатынан. Олар Мәскеуден келуімен дер кезінде оқшауланды. Барлық жақын байланыс орнатылды және оқшауланды, жақындарынан әзірге әйелінен ғана анықталды", - деді Біртанов.
Ал екінші науқас Алматыға Сеулден келген.
"Қазақстанға транзитпен келіп, басқа елге ұшып кеткендерді есептемегенде, рейстегі барлық жолаушы, олармен тығыз байланысқандар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тиісті диагностикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстанда ресми түрде 8 науқас вирус жұқтырды", - деді министр.