Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. 14 желтоқсандағы жағдай бойынша, 235 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 13 желтоқсандағы жағдай бойынша, 135 адамнан COVID-19 анықталған болатын.
14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 943 адам коронавирус инфекциясынан (–1 801+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!