- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Коронавирус жұқтырғандар саны...
Коронавирус жұқтырғандар саны бір аптада екі есеге өсті - Денсаумин
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын және жұқпалы аурулар ауруханасында кімдер жатқанын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус жұқтырғандар саны көбейгені байқалды, кейінгі аптамен салыстырғанда, аурушаңдық шамамен екі есеге жуық өскен.
"Тәулігіне 2700-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ - (теріс ПТР нәтижесін көрсеткен коронавирус белгілері байқалатын пневмония - еск.) тіркеледі. Наурыздан бастап қайтыс болғандар тіркеле бастады, шілдеде үш науқас қайтыс болды. Кейінгі аптада ауырғандардың 70 пайызы 3 өңірде - Алматы, Нұрсұлтан және Қарағанды облыстарына тіркелді", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.
27 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада COVID-19 бойынша 4500 төсек-орын бар, 180 инфекциялық аурухана стационарлық көмек көрсетеді. 1342 науқас ауруханаға жатқызылды. Қазір төсек-орын саны 30 пайыз қамтылған.
"КВИ бар стационарлық емдеудегі науқастардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар - 36,3 пайыз. Ересектер - 63,7 пайыз, оның ішінде 60 және одан жоғары жастағы науқастар - 22 пайыз. Науқастар арасында әйелдер басым. Сонымен қатар, жүкті әйелдер бар, олардың саны 249", - дейді денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав.
"Аурушаңдықтың көбеюіне қарамастан, реанимация төсек-орындары 8 пайызға толы. Жансақтау бөлімдерінде 44 адам жатыр, оның ішінде ең көп реанимацияға түскендер Нұр-Сұлтан қаласында - 24 науқас, Қызылорда облысында - 7 науқас. Жасанды тыныс алу аппаратында 7 науқас жатыр. Бес науқастың жасы 70-тен асқан, 1 жасқа дейінгі балалар - біреу. Науқастың барлығында қатар жүретін аурулар бар, олар кардиолог пен жалпы тәжірибелік дәрігерде есепте тұр", - деп қосты Есмағамбетова.
Г. Досымшалова