Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста маска тақпай отырған депутат Руслан Берденовке ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелген еді.
"Маскалық режим депутат Руслан Берденовқа да қатысы бар. Жаныңызда отырған депутат Жигули Дайрабаевтан үлгі алсаңызшы. Коронавирус жас-кәріге қарамайды", - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз