"Коронавирус жас-кәріге қарамайды". Мәжіліс төрағасы депутат Руслан Берденовке ескерту жасады

"Коронавирус жас-кәріге қарамайды". Мәжіліс төрағасы депутат Руслан Берденовке ескерту жасады
Фото: Massaget.kz коллажы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жалпы отырыста маска тақпай отырған депутат Руслан Берденовке ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілісте коронавирусқа байланысты маска тағып келу міндеттелген еді.

"Маскалық режим депутат Руслан Берденовқа да қатысы бар. Жаныңызда отырған депутат Жигули Дайрабаевтан үлгі алсаңызшы. Коронавирус жас-кәріге қарамайды", - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget