Кейінгі тәулікте 138 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 11 қаңтардағы жағдай бойынша, COVID-19-дан 1 адам өлімі тіркелген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!