Король мен тақ мұрагері күтіп алды: Тоқаев Әл-Хусейния сарайына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Хусейния сарайына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.

Кадрларды Ақорда жариялады.

Айта кетейік, 18 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды.

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб әлеміндегі сенімді серіктесі екенін мәлімдеді.

Иордания - ежелгі ескерткіштерімен және табиғи қорықтарымен танымал, Иордан өзенінің шығыс жағалауындағы араб мемлекеті. Сауд Арабиясымен, Иракпен, Сириямен, Израильмен және Палестинамен шектеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!