Король Филипп пен патшайым Матильда Ақордадан Астананың ажарын тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі ерекше сурет жариялады. Кадрда Қазақстан мен Орталық Азияға тарихта тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі және патшайымы Астананы тамашалап тұрғаны көрінеді.
Айта кетейік, 11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бельгиялықтар королі Филипп және патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорлары форумына, сондай-ақ, басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!