Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жолаушыға көмектескен видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ол бұған дейін де төтенше жағдайларда адамдарға көмек көрсеткен, алайда бұл жағдай алғаш рет әлеуметтік желілерге тарап кеткен.
"Жолаушының қан қысымы көтеріліп, құса бастады. "Ұшақта дәрігер бар ма?" деп сұрады. Әрине, көмектесуге жүгіріп бардым", - деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбіреуі "видео арнайы ұйымдастырылған немесе пиар жасау әрекеті болуы мүмкін" деп болжаған.
"Әр адамның пікіріне әсер ете алмаймын. Өз борышымды, міндетімді орындадым. Біреудің алдында ақталу міндетім емес", - деп мәлімдеді министр.
Еске салайық, бұған дейін ұшақ бортында тосын жағдай болып, көмекке ұмтылған адам министр Ақмарал Әлназарова болып шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!