- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- бопсалау туралы
“Қорқытып телефонымды тартып алды“. Көкшетауда бопсалаушылар ұсталды
Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша, 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында оған шабуыл жасаған.
Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып, бопсалап, Samsung телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы - 160 мың теңге.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел қызмет қызметкерлері күдіктілерді тез арада анықтады.
"Олар - облыс орталығының 19-22 жас аралығындағы үш тұрғыны. Полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.
ІІМ осындай қылмыстарға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасады:
- қоғамдық орындарда қырағы болу;
- қараңғы жерлерден аулақ болу, әсіресе кешке;
- материалдық жағдайыңызды жарнамаламаңыз: ақшаны, қымбат гаджеттерді немесе зергерлік бұйымдарды көрсетпеуге тырысыңыз;
- бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.
Еске салайық, бұған дейін СҚО-дағы колледжде 1-курс студенттерінен ақша бопсалаған адам ұсталғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова