• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қорқытып, ақша бопсалаған. Ақтөбеде бір топ студенттер ұсталды

Қорқытып, ақша бопсалаған. Ақтөбеде бір топ студенттер ұсталды
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде полицейлер ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жастарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 

Бұл туралы Polisia.kz Telegram-арнасы хабарлады.

"Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған", - делінген хабарламада.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақытылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды", - деп қосты полиция. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда қоғамдық көлікте болған жанжалға қатысты күдіктіні полиция ұстағанын жазған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget