"Қорқытқым келмейді". Әлімханұлы мексикалық нокаутшыға қатысты мәлімдеме жасады

"Қорқытқым келмейді". Әлімханұлы мексикалық нокаутшыға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©twitter.com/qazaqstyle

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) жекпе-жекке келісетініне күмәнданып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бұған дейін Әлімханұлы 12 қарашада Дензен Бентлиді жеңсе, титулын Мунгияға қарсы қорғауға міндетті болатыны хабарланған. 

"Шынын айтқанда, Мунгия менімен жұдырықтасатынына сенбеймін. Оның бұған дейін мүмкіндігі болды. Алайда ол жекпе-жекке келіссе, бұл мен үшін, жанкүйерлер үшін жақсы айқас болады. Ал ол үшін бұл айқас... Оны қорқытып қойғым келмейді", - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш