Қорқытқан: теміртаулық тұрғыннан 2 миллион теңге бопсалаған адам ұсталды

Фото: видео кадры

Қаскөй теміртаулық тұрғыннан 2 миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 миллион теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп, 28 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді. Бұл дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина