- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қорқып, иесінің жанынан...
"Қорқып, иесінің жанынан өтіп кеткен". Ақмола облысында көлік ұрлаған тұрғын ұсталды
Ақмола облысында ауыл тұрғыны жерлесінің көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астрахань ауданының полиция бөліміне Жалтыр ауылының 49 жастағы тұрғыны 3 наурызда сағат 23:00 шамасында белгісіз адам үй ауласынан Volkswagen Passat көлігін ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінген. Келтірілген залал сомасы 1 миллион теңгеден асқан. Автокөлік иесінің айтуынша, жол жүрмек болғандықтан, көлікті құлыптамай, кілтті тұтандырғышта қалдырған.
Ер адам көлікті таппаған кезде 102 пультіне жүгінген. Полиция қызметкерлерін күтіп тұрған кезде ұры көлік иесінің жанынан өткен. Ақмолалық соңынан жүгірген. Көлікті жолда қалдырған күдікті басқа көшеде жасырынған. Бұрын сотталған 34 жастағы жергілікті тұрғын ауыл тұрғынының көлігімен жүріп қайтып, кейін оны орнына қоймақ болғаны белгілі болды. Бірақ көлік иесін көріп, қорқып өтіп кеткен.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Жалтыр ауылының тұрғыны "орта" дәрежелі мас күйде болған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова