- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қорқынышты нәрсе". Ертеде...
"Қорқынышты нәрсе". Ертеде кемпірлердің бесікке мініп, ат секілді шапқаны рас па?
Желіде егде жастағы әйелдің бесіктің үстіне шығып, ат секілді шапқан видеосы тарады. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл еліміздің батыс өңірлерінде кездесетін салт. Алайда этнограф маман Болат Бопайұлы қазақ халқында мұндай дәстүр болмағанын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман баланы бесікке бөлеудің түп мағынасын түсіндірді.
"Қазақтың ұлы тарихында "ағаш бесіктен жер бесікке" дейін мақал бар ғой. Яғни бала күннен қартайғанға дейін деген мағынада ғой. Сондықтан қазақ бала өскен, бала бөлеген бесікті киелі санайды. Бесіктегі бала бес түлейді. Бесікке киім-кешек ілмейді. Бесіктің басына үкі тағып, дұға жазып қойып, тұмар, асық-жілік байлап қоятын", - дейді маман.
Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары
Болат Бопайұлының сөзінше, бесікке әйелдің мініп, шабу дәстүрі қазақта болған емес.
"Ол қолдан жасалған, бертінгі дәстүрді бұзып жасалған нәрсе. Бесікке қолы киелі, аузы дуалы, ел ішінде беделі бар, халық құрметтейтін аналар ғана баланы бесікке салған", - дейді этнограф.
Бесік тербеткен үйде береке бар
Маман бесікті кімдер тербеткенін түсіндірді.
"Әдетте бесікті қолы таза, өңі жылы адамдарға бесікті тербетеді. Бесікке мініп алу шабу - жаман ырым. Ондай ырым кәде қазақта жоқ. Батыс өңірлерде ол дәстүр қайдан шыққанын білмеймін. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар демекші оны жаңғыртамыз деп бұрмалау көп болып жатады. Бесік төрде тұрады. Сондықтан бесікті ат сияқты мініп алып, шабу қазақта жоқ ырым. Бір сөзбен айтқанда ертеде қазақ бесікте өскен берекелі ұрпақ. Сондықтан бесікті қазақ есірген жағдайда да далаға тастамайды. Бесіктің үстіне кемпір мініп алуы - қорқынышты нәрсе. Бесікті ат сияқты міну жоқ", - деп түсіндірді Болат Бопайұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина