- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қорқыныш пен азап...
"Қорқыныш пен азап арқалап өмір сүріп жүрген қыздардың оқиғасын естідім". Салтанат Нүкенованың ағасы митингіде жанайқайын жеткізді
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы "Жаңа адамдар" ұйымдастырған бейбіт митинг өтті. Шараға 500-ден аса адам қатысты. Олардың арасында марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді бой көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда
"Соңғы екі аптада біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Мұндай сұмдық оқиғаны бастан өткергенімізді ұмыта алмаймын. Мен қиыншылыққа тап болған, қорқыныш пен азап арқалап өмір сүріп жүрген қыздардың оқиғаларын естідім. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы соттың, прокуратура өкілдерінің әлсіздігінен болып жатыр деп есептеймін. Зорлық көрген қыздар үнемі көмексіз қалады. Біздің әлем осылай жаралған. Бірақ мұндай өмірді кім қалыптастырды? Заңдарды кім жазды? Қазір бұл заңды жазған адамдардың өздері бізді жерге қаратқанына көзіміз жетті. Сол себепті халық өз бақылауына алу керек. Жаңа заңдарды қалыптастыру керек. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру керек", - деді Айтбек Амангелді.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда
Сондай-ақ ол тұрмыстық зорлық-зомбылықты ашық айтуға шақырды және отбасымен бірге қорлық көрген адамдарға көмектесетінін айтты.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда
"Кеше кешкісін мен қаланы аралап, көпқабатты үйлерге көз тастадым. Сол сәтте қанша үйде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық жасалып жатқанын елестетемін. Біз мұның бәрін білмейміз. Білсек те көз жұма қараймыз. Сәт сайын біз мұқтаж адамдарға көмектеспесек жүрек тазалығын жоғалтамыз. Егер біз қоғамды жақсы жаққа өзгерткіміз келсе әр адам өзінен бастауы керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде барлығын ашық айтуымыз тиіс. Қоғамның көмегіне жүгінуіміз керек. Біз бұлай үнсіз жүре берсек ештеңе өзгермейді. Митинг мұндай қылмысқа қанша адамның қарсы екенін аңғартады. Сонымен қатар, біз көмекке мұқтаж адамға жұмыла көмектесу керекпіз. Біз отбасымызбен осы бағытты ұстандық. Қазір мұндай оқиғаларға назар аударып жатырмыз. Біз көп нәрсені жоғалттық, орны толмас қазаны бастан өткердік. Біз ешбір отбасыға мұндай сынақ бермегенін қалаймыз. Олар біз көрген қиыншылықты сезінбеуі тиіс. Біздің елде бізді қорғайтын заң осал. Сондықтан бір бірімізді қолдауымыз керек. Мен үшін митинг ұйымдастыру екінші кезектегі мәселе. Ең алдымен бізге мұндай мәселелерді жиі көтеру керек және сол арқылы жергілікті шешімдерге өзгерту енгізе аламыз", - дейді Салтанаттың ағасы.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда.
Айтбек Амангелді қорлық көрген қыздарға көмектесетін қорға қарсы жұмыс жасалып жатқанын да тілге тиек етті. Оның сөзінше құзырлы орган өкілдері үй үйді аралап қорға қарсы өтініш хат жинаған көрінеді.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда
"Осындай сұмдық оқиғалар айтыла бастаған сәтте маған адамдар ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан қорлардың бірі жабылудың аз-ақ алдында тұрғанына айтты. Олардың есепшоттарына бұғат салды. Негізсіз үйлерді аралап қысым көрсету арқылы оларға қарсы өтініш жаздырып алады. Маған үйлеріне тергеушілер мен учаскелік полицейлер келген адамдар хат жазды. Бұл қорсыз 1000-нан аса қыз қорғансыз қалар еді", - дейді.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда.
"Мен бір жылдан кейін Салтанаттың қабіріне барғанда: біз қоғамды өзгерттік, - деп айта аламын деп ойлаймын. Бұл біздің қолымызда. Сондықтан бұл әрекеттерді қазірден бастау керек. Қорқынышты жағдайды көргенде көз жұмудың қажеті жоқ. Себебі біз мұндай оқиғаны басымыздан өткермейміз деп ойлаймыз. Менің отбасымда солай ойлаған...", - деді Айтбек Амангелді.
Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда
Айта кетейік Салтанат Нүкенова күйеуі, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов