Танымал актер, жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық күрескер Еркебұлан Тоқтар "NNN Show" Youtube-арнасына берген сұхбатында камера алдында ашық сахнаға түсуге көзқарасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ойланып қалдым ғой. Негізі сахнаның қаншалық ашық екеніне қарау керек, көркем сахна болса, болады. Ал қатты ашық сахнаға түспеймін, оның үстіне бізде мұндай киноларды ешкім түсірмейді", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында ел білмейтін құпиясын бөліскен болатын.
Оның сөзінше, бұрын ойынқұмар болған.
"Достар, осыдан 3 жыл бұрын, өмірімнің түбіне келіп тірелдім. Ол қалай болды? Бәрі ставка тігуден басталды. Жарты жыл бойы ұтып, анау-мынау шығыныма, таксиге төлейтін ақшамды тауып жүрдім. Бірақ бірте-бірте "қадала" бастадым. Еңбекпен тапқан ақшамды "қадап", несиеге кіре бастадым. Банк бермейтін болғасын, ақырындап микрокредиттік ұйымдарға бас сұқтым. Кім береді, солардың бәрінен алғанмын. Әлі есімде, желтоқсан еді, соңғы рет микрокредиттік ұйымнан 60 мың теңге берді. Соны 20 мың теңгеден үш рет салып, ұтылып қалдым. 9 желтоқсан мамамның туған күні еді. Өзімді сорлы адам сезіндім. Бір тиын ақша жоқ. "Қандай адаммын мен, әке-шешеме ел қатарлы сыйлық бере алмадым, інілеріме дені дұрыс аға да боп жарытпадым" деп күйіндім. Содан өзімді қолға алам деп, іштей серт беріп, спортты қолға алдым" деді Еркебұлан Тоқтар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кесек лақтырар деген қандай ырым?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!