Тойда билеп жүріп баланы итеріп жіберген бишілердің видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан өнер көрсетіп жатқан бишілердің бірі оларға кедергі жасаған кішкентай қызды итеріп жібергенін көруге болады. Бала кафель еденге оңбай құлап түседі. Артынша кішкентай қыз орнынан тұрып кеткен. Мұны көрген өзге адамдар бишілерге кедергі жасаған кішкентай балаларды жинап алып кеткен. Видеоны жүктеген адамның сөзінше, оқиға Арыс қаласында болған.
"Ойбай, биші келеді деп қорқатын заман болды. Бастарынан салып өтеді", - дейді видео авторы.
@bakhyt_show02 Арыс тың бишілер бала ұрды Тойға бала апару дұрыспа? Аяққа оралған балалардан көргенғой көресекті. #хочуврек #хочуврекомендации #мировыерекомендации #қамажайremix❤️? ♬ Қамажай - ALZaBi
Видео TikTok-тағы "Бақыт шоу" парақшасында пайда болды. 1,4 миллион қаралым жиналған видеоға 5,1 мыңнан аса адам пікір жазған. Бірақ адамдардың бұл жайтқа қатысты ойы екіге бөлінген. Бірі бишінің бұл әрекетін қолдаса, енді бірі бұл дұрыс емес екенін жазған.
"Сауап болды, балаларына ие болуы керек еді", "Баламен бардың ба - балаңа ие бол, болды", "Біздің қазақи менталитет ешқашан қалмайды. Баланы тойға апарып қажеті жоқ. Апарған жағдайда ата-анасы ие болу керек", "Той болған соң болады ондай-ондай, бірақ ол бала ғой, сонша ұру, құлатып тастау дұрыс емес", "Қыз қатыгез екен", - дейді TikTok қолданушылары.
Қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі де бишілердің бұл әрекеті дұрыс емес екенін жазған.
"Қоғам зорлық-зомбылыққа үйреніп кеткен, бірақ ең сорақысы - балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қоғамның еті үйреніп кеткен. Бұл жағдайда бәрі үндемей қалды! Қайда болған оқиға екенін білмеймін, бірақ бұл күлкілі деп санамаймын. Балаларға деген қарым-қатынас осындай екенін көру өкінішті!", - дейді Дина.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!