Әлеуметтік желілерде пәтерлерді мұз басқан кадрлар пайда болған еді. Қостанай әкімі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alau.kz.
Басылым мәліметінше, Марат Жүндібаев бұл оқиғаның себебі Маевский кранының атқылауы екенін атап өткен. Бірақ бұл жайт пайдалануға берілген үйде емес, салынып жатқан үйде болған. Ал Қостанай әкімі шенеуніктерді мұндай жазбаларға жедел жауап беруге шақырды.
"Салынып жатқан үйде болды, пайдалануға берілмеген үй. Мердігерге қатысты проблемалар бар, қазір жаңа мердігер іздеп жатырмыз. Белгілі бір уақыт аралығында осы үйдің қауіпсіздігіне жауап беретін күзет агенттігінің уақыты бітті. Тиісінше, осындай болды. Ол жерде батареядан аға бастағаны анық. Аяз болды, сондықтан солай болды. 2-3 пәтер. Бірақ онда, шын мәнінде, қорқатын ештеңе болған жоқ. Адамдар тұратын жерге олар бірден назар аударады. Мұнда салынып жатқан үй, іші бос. Тиісінше қараусыз қалды", - деді Қостанай әкімі Марат Жүндібаев.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы Қонай ықшамауданындағы әлі тапсырылмаған пәтерлерді мұз басқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!