- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қорғастағы" мүлік мемлекетке...
"Қорғастағы" мүлік мемлекетке қайтарылды
Прокурордың шағымы бойынша "Қорғас" ШЫХО-ның мүлкі қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокуратура органдарының тексеру шаралары бойынша 2018 жылы 900 м2-ден асатын "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылғаны анықтады.
Кейіннен 2023 жылы оның астындағы 1,9 га жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып-алу шарты жасалды. Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген.
Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған. Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19 наурыздағы заңды күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылды, шарттар жарамсыз деп танылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина