“Қорғаста“ өртеніп жатқан жүк көліктерінің видеосы тарады

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі "Қорғастағы" өртке қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, өрт Қытай жағындағы шекара маңындағы аумақта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап жатыр. Кадрларда өртеніп жатқан ауыр жүк көліктері көрінеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы ақпаратты растап, төтенше жағдай көрші мемлекет аумағында болғанын нақтылады.

"Өрт 4 мамырда ҚХР жағындағы шекара маңындағы аумақта болғаны анықталды. Қазақстанның 101 және 112 шұғыл қызметтеріне хабарлама түскен жоқ, өйткені бұл аумақ Қытай Халық Республикасына тиесілі", - деді Жетісу облыстық ТЖД ресми өкілі Назерке Арманқызы.

Ведомство мәліметінше, өрттің себебін көрші мемлекеттің құзырлы органдары анықтап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!