- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қорғаста қыздарды секс-құлдыққа...
Қорғаста қыздарды секс-құлдыққа салғандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақүй кешенінде заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл нысандар тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдіктерді қабылдап отырған.
Қылмыстық "бизнес" жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.
"Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдікті ұстады. Сондай-ақ, интим қызмет көрсеткен 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел бар. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Жетісу облысының полиция департаменті соталды тергеп-тексеруді жүргізеді", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек