ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарада заңсыз әрекетті әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 20 қазанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кескен.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
"Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 миллион теңге болуы мүмкін. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова