- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қорғаста әуежай салынады...
Қорғаста әуежай салынады
Германияның федералды канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары аясында Көлік министрлігі мен SKYHANSA компаниясы арасында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жүк-жолаушылар әуежайын салу жобасын іске асыру туралы негіздемелік келісім жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және SKYHANSA басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.
«Жобаға жеке инвестициялардың жалпы сомасы 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 500 млн АҚШ долларынан басталады деп болжануда. Бүгінгі таңда Жетісу облысының әкімдігі әуежай салу үшін жер телімін бөлді, инвестор инвестициялар туралы келісім жасалғаннан кейін жобаны іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Жоба қуаты 500 адам/сағ дейін жолаушылар терминалы бар әуежай инфрақұрылымын, сыйымдылығы жылына 550 000 тоннаға дейінгі отын қоймасын, жылына 250 000 тоннаға дейін жүктерді толық өңдейтін жүк терминалын салудың, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін авиациялық-техникалық орталық құрудың, сондай-ақ басқа да туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытудың үш кезеңдік бағдарламасын көздейді.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ақордада Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцті қабылдады. Канцлер екінші «Орталық Азия + Германия» саммитіне қатысуға келді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет