- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА...
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА азық түлік кешені құрылысы келесі жылы басталады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Сяньян қаласының (ҚХР) Халық Үкіметі партия комитетінің хатшысы Юе Лянмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қытай тарабы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағынан келесі жылы азық-түлік кешені құрылысын бастауға мүдделілік танытты.
Юе Ляннің айтуынша, қытай кәсіпкерлері АЭА дамытуға Шығыс-Батыс бағдарымен Қытайдан шығатын жүктерді Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға транзиттік бағдардың қолайлығына назар аударып отыр.
Қ. Алпысбаев көршілес елдің ірі комапнияларымен іскерлік қарым-қатынастың ырғақты дамып келе жатқандығын атап өтті. Олардың қатысуы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамытуға сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын жүзеге асыруға серпін беретіндігіне тоқталды.
«Қазақстан тарабы қытайлық серіктестеріне қолайлы инфрақұрылымдық жағдай жасап, логистикалық қызмет көрсетуге дайын» екендіктерін білдірді.
T. Кіршібаев