Қорғас – Алматы бағытындағы автожолдың бір бөлігінде ірі көлемді жүкті тасымалдауға байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, шектеу 8 тамыз күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін күшінде болады.
Осы уақыт аралығында Қорғас – Алматы бағытымен ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі көлемді жүк тасымалданады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелмек.
Жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.
Осыған байланысты жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруге және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауға кеңес берілді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта еліміздің бірқатар жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары мен уақытша шектеулер жалғасып жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!