Қорғас - Алматы тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі

Қорғас - Алматы тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қорғас - Алматы бағытындағы жолдың бір бөлігінде ірі көлемдегі жүкті тасымалдауға байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, шектеу 8 тамызда сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін күшінде болады.

Осы уақыт аралығында Қорғас - Алматы бағытымен ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі көлемдегі жүк тасымалданады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелмек.

Жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.

Осыған байланысты жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлап, шектеуді ескеруге және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауға кеңес берілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget