Қорғаныс саласының бюджеті биыл не үшін құпия? Министрлік өкілі жауап берді

Қорғаныс саласының бюджеті биыл не үшін құпия? Министрлік өкілі жауап берді
Фото: depositphotos.com

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камелединов министрліктің бюджеті биыл не үшін құпия екеніне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кулуарда журналистер министр орынбасарынан бюджет құпиялығы туралы сұрақ қойды. 

"Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес, жария етілмейтін белгілі бір мәліметтер бар. Сондықтан олар сізге осылай жауап береді", - деді ол. 

Журналист бұған дейін Қорғаныс министрлігінің бюджеті барлығына қолжетімді болғанын айтты, алайда қазір жағдай өзгерген. 

"Мен сізге көпшілікке жария етілмейтін ақпарат бар деп тұрмын ғой", - деді Сұлтан Камелединов.

Журналист: "Бұл - сіздің емес, қазақстандықтардың ақшасы ғой. Неге оны құпия ұстап отырсыз?" деді. 

"Сізге үшінші рет жауап беріп отырмын. Жауабыма қанағаттанбаған болсаңыз, баспасөз қызметіне ресми сауал жолдаңыз", - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек