Қорғаныс министрінің орынбасары әскердегі әлімжеттікке қатысты сұраққа жауап берді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камелединов әскердегі әлімжеттікке қатысты сұраққа жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біріншіден, тәртіп, бірақ ер адамның басында түрлі нәрсе болады. Ер адамдар арасында түрлі нәрсе болуы мүмкін. Бұл мәселеге жол бермеу үшін командирлер, барлығы күш салып, түрлі шаралар жүргізіліп жатыр. Жеке, ата-аналарымен, жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, бейнебақылаулар қаралады. Сондықтан біз ешқандай шара қабылдамай жатыр деген дұрыс емес", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камелединов министрліктің бюджеті биыл не үшін құпия екеніне қатысты жауап берген еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз