Айтқұрман Омарбеков жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айтқұрман Омарбеков туралы не белгілі?
Ол 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.
1997-2014 жылдары республикалық ұланда қызмет атқарған. 2014-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі жүйесінде әртүрлі қызмет атқарған.
2022 жылғы қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы ақпанда Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысы болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова