- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігі Украинаға...
Қорғаныс министрлігі Украинаға әскери техника жіберетінін теріске шығарды
Фото:
Reuters
Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери техниканың Украинаға жөнелтілгені туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери техниканы Украинаға жөнелту туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл - бронды машиналар жоспарлы түрде жөндеуге жіберілгенде түсірілген ескі видео. Қазіргі уақытта әскери техника сақтау орнында. Бұдан бөлек, 2022 жылғы 27 тамыздан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын да хабарлаймыз", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Қазақстан Ресейге әскери техника жөнелтіп жатыр деген де ақпарат тараған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан