Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы "Укрспецэкспортпен" келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомство 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.
"Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылған қауесеттерге көңіл аудармауын және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз