- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігі мүгедек...
Қорғаныс министрлігі мүгедек болып қалған сарбазға қатысты пікір білдірді
Қорғаныс министрлігі басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған.
"Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз. Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды.
Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз", - дейді министрліктегілер.
Еске салайық, бұған дейін сарбаз Ербаян Мұхтар жайлы жазған едік. Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатыр.
Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды.
Ұлттық ұлан бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ведомство мәліметінше, реабилитациялық емнен кейін Ербаянның ата-анасының сұрауы бойынша сарбаз үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сарбазға мүгедектік рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
Кеше қазақстандықтар сарбаздың еміне 140 миллионға жуық ақша жинап берген.
"Ербаянның ата-анасы көзіне жас алды, бүкіл команда қолдауларыңызға алғыс айтады. Шыны керек, айтарға сөзіміз жоқ", - делінген жазбада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина