- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тікұшақ құлауы
Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасады
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апат жағдайында қонған.
Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажет медициналық көмек көрсетілді. Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты.
"Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетіледі.
Еске салайық, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова