Қорғаныс министрлігі азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеріс жүргізеді.
"16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техника қозғалады. Соған байланысты жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін", - деді министрлік өкілі.
Министрлік азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз