Қорғаныс министрлігі әскери техника тасымалданатынын ескертті

Қорғаныс министрлігі әскери техника тасымалданатынын ескертті
Фото: gov.kz

Ресейде өтетін ҰҚШҰ оқу-жаттығуына Қазақстаннан әскери техника мен жеке құрам жіберіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының "Өзара іс-қимыл - 2026", "Іздеу - 2026" және "Эшелон - 2026" оқу-жаттығуы өтеді.

"Дайындық және оқу-жаттығуларды өткізу кезінде, яғни 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстаннан Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ стансасына дейін әскери техника мен жеке құрам теміржол көлігі арқылы жеткізіледі. Кейін олар Қазақстанға қайтарылады", - деді министрлік өкілдері.

 gov.kz

Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімдердің дайындығы тексеріліп, шеру өткізу, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау дағдысы пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізіледі. Мұндай оқу-жаттығулар ұйымға мүше елдер аумағында кезекпен ұйымдастырылады.

Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйеніп, тексерілмеген мәліметті таратпауға шақырды. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget