Қорғаныс министрлігі Арменияға қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы ақпаратқа түсінік берді

ҚР Қорғаныс министрлігі Арменияға қару-жарақ жеткізу туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде және интернет-сайттарда Қазақстанның Арменияға әскери техниканы жеткізгені туралы ақпараттар тарады. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі теріске шығарды.

"Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
 
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!