Қазақстанда атақты адамдардың өзіне қарағанда отбасы мүшелеріне көп назар аударылады. Қоғам олардың отбасы мүшелеріне, жұмысына қызығушылық танытады, тіпті көпшілігі кімде қанша ақша барын білуге құмар.
Сондай қызығушылық тудыратын тұлғаның бірі Әсел Тасмағамбетова. Ол қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы, кәсіпкер Кеңес Рақышевтің жары.
Әсел Тасмағамбетова осы жылы 36 жасқа келді. Ол еш жерге сұхбат бермейді. Екі ұл бала тәрбиелеп отыр. Кәсіпкер күйеуі екеуі 2002 жылы құрылған «Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» арқылы қайырымдылықпен айналысады. Ата-ананың қарауынсыз жетім қалған балаларға, денсаулығы тым нашарлағандарға, қоғамдағы ең қорғансыз жандарға «Сәби» қоры қол ұшын созады. Әлеуметтік қорғансыз отбасыдан шыққан талантты балаларды қолдауға бағытталған «Әлем» және еліміздегі балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған «Өркендеу» жобалары сөзіміздің анық айғағы.
«Балаларға өмір сыйла» атты атақты SMS-акция да Әсел Тасмағамбетованың жобасы. Бұл жоба көлемінде республиканың түкпір-түкпіріндегі 1097 балаға көмек көрсетілген, 1569 балаға ота жасатуға ақша бөлінген (көптеген балаларға қатарынан бірнеше ота жасалған), 2015 жылдың сәуір айындағы көрсеткіш бойынша барлығы $9 589 769 қаржы жиналған.
Коммерциялақ активтеріне келер болсақ, Әсел Тасмағамбетова «Орталық Азия экологиялық зерттеу институты» (ОАЭЗУ) және «Telli Kazakhstan» компанияларын басқарады. 2012 жылдың маусымында тіркелген. Институт биотехнология, ихтиология, генетика, селекция, география және басқа да салаларда ғылыми зерттеу жүргізумен айналысады. Оның құрамына:
– қоршаған ортаға аналитикалық зерттеу жүргізетін 5 зертхана;
– жаңа технологияларды іздеуге, өңдеуге, енгізуге арналған 6 департамент;
– ұйымдағы технологиялық ресурстарды стандарттап, бағамдап, жоспарлап, үйлестіретін 7 басқарма кіреді.
Сонымен бірге «Veless» компаниясында үлесі бар (негізгі қызметі – тауардың ауқымды ассортиментін көтерме бағада сату). Оның серіктестері Гүлмира Алтаева және Тұрлыбай Мырхиев. Бір қызығы, бұл компания мұнай өңдеу ісімен айналысатын «НефтьГазМаш» кәсіпорнымен де серіктес екен.
Софья Тасмағамбетова – суретші, Павел Драгуновтың шәкірті. Т. Жүргенов атындағы өнер Академиясын және Лондон өнер колледжін аяқтады. Абай атындағы Опера және балет театрында («Кармина» кантатасы, «Бiржан-Сара» операсы), «Астана Опера» балетінде («Бахчисарайский фонтан» драмалық балеті) көркем қойылымдарымен жұмыс істеді. «Petroglyf studio» архитектуралық-дизайнерлік компанияны басқарады.
«LIONESS Inc» компаниясының жарты үлесі Нұрсұлтан Тасмағамбетовке тиесілі. Компания 2013 жылы тіркелген. Бұл бизнесті экс-депутат Серік Абдрахмановтың ұлы Мади Абдрахмановпен (1991) бірігіп жүргізеді.
Материал radiotochka.kz сайтынан алынды