10 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігінде ұйым қызметінің 5 жылдығына орайластырылған ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен «Қарулы Күштердің ардагерлері» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтті.
«Бірқатар бағыттар бойынша Қарулы Күштер мен Ұйымның бірлескен жұмысы – бұл сәтті серіктестіктің жарқын үлгісі. Қарулы Күштердің ардагерлері заңнамалық бастамаларыңызға қолдау көрсете отырып, еліміздің Парламентінде ұсынылған. Қорғаныс министрлігі өз тарапынан запасқа босатылатын әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрғыдағы бейімделуіне белсенді ықпал етеді. Оған қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарында пайда келтіріп жүрген көптеген ардагерлер, оның ішінде, бүгінгі конференцияға қатысып отырғандары - соның куәсі. Запастағы генералдар мен полковниктерден құралған тікелей сарапшылар тобы қатысатын әскерлерді кенеттен тексеруді жүргізу барысында ардагерлердің мол тәжірибесі, кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі сұранысқа ие», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов.
ҚР Қорғаныс министрі ардагерлерге ведомство қызметінің негізгі бағыттары, яғни, жауынгерлік, жедел және жұмылдыру аясындағы сапалық өзгерістер, әртүрлі ауқымда өткізілетін оқу-жаттығулар санының ұлғаюы, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың жаңа тетігін енгізу есебінен қайта жарақтандырылуы мен отандық ҚӨК даму, әскери инфрақұрылымның салынуы, полигондарды дамыту бағдарламасы, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, Қарулы Күштер бөлімшелерінің Армия халықаралық ойындарына қатысуы туралы әңгімелеп берді.
Одан басқа, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер мен жалпы елімізде болатын атаулы оқиғалар туралы атап өтті.
«Үш айдан кейін барша ел Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеді. Командирлермен бірлесе отырып, ардагерлеріміздің әскери бөлімдерге баруын ұйымдастыру пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені, олардың біршамасы егемендік алғанымыздың алғашқы жылдарында қызмет етті және сол кезде не болғанын және бүгінде Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішлұы Назарбаевтың жетекшілік етуімен армиямыз қандай деңгейге шыққанын айтып бере алады. Сондай-ақ, бұл сабақтастық көзқарас тұрғысынан маңызды. Себебі, әскерлерде Сіздерді біледі және ұмытпайды. Сіздердің басшылық етулеріңізбен көптеген қазіргі командирлер мен бастықтар қызмет атқарды. Ардагерлер қозғалысы келесі жылдың мамырында атап өтілетін Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуді дайындауға тартылуы тиіс», - деп Қорғаныс министрі атап өтті.
Ұйымдардың филиалдарына орындарда қорғаныс істері жөніндегі департаменттер және әскери-техникалық мектептермен, әсіресе, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын ұстануға, әскери және азаматтық борыштың жоғары сезіміне және т,б, баулу тұрғысында мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Одан қалса, бірлестіктің жұмысы армияның беделін арттыруға, даңқты әскери және жауынгерлік дәстүрлердің сақталуы мен көбеюіне, әскери қызметтің беделін көтеруге ықпал етуі тиіс.