29 желтоқсанда ұшағы апатқа ұшыраған кореялық Jeju Air әуе компаниясы рейстерді қысқарту жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Шешім бірқатар қауіпсіздік инциденттерінен кейін және әуе компаниясының жұмысын бақылау күшейтілгеннен кейін қабылданды. Осыған орай компания осы мәселелерді шешуге және жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару үшін ішкі және халықаралық бағыттарды қысқартуды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, келесі аптада рейстер қысқарады деп күтіледі.
Еске салайық, 29 желтоқсанда Бангкоктан Оңтүстік Кореяның Муан қаласына ұшып бара жатқан Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:07-де болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Салдарынан ұшақ өртке оранды.
Бортта 181 адам болған. Олардың екеуі ғана аман қалды - олар ұшақ экипажының мүшелері болып шықты, біреуі әйел және бір ер адам. Олар орташа және ауыр жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!