- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кореяда қазақстандық әйел...
Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады - БАҚ
Оңтүстіккореялық БАҚ-та 50 жастағы қазақстандық әйелдің автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі insight.co.kr сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Кенбу автомагистралінде болған.
50 жастағы қазақстандық әйел автобус жүргізушісін жарақаттаған. 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция бөлімшесі шабуыл жасады деген күдікпен Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.
Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел сағат 15:12 шамасында Сеочодағы Кёнбу автомагистралінде Ханнам көпірі үстінен өтіп бара жатқан туристік автобустың әйнек тазалағышын сындырмақ болған.
Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан түскен, сол кезде әйел жүргізушіні пышақтап, қашып кеткен. 11 минуттан кейін әйел ұсталған.
Автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алып, жақын маңдағы ауруханада емделді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.
Полицейлер қазақстандық әйелге қатысты қылмыстың себептерін анықтап, наркологиялық сараптама жүргізетіні айтылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан