Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына маңызды құлаққағыс жасалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтары ақпанның аяғына дейін айыппұлсыз, қайта кіруге тыйым салмастан елден ерікті түрде шыға алатынын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімін ұзарту жөнінде келісімге келді.

Бұл бағдарлама қылмыс жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасы қолданылатын, сондай-ақ, 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебе алғандарға қолданылмайды.

"Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшуға 15-тен 3 күнге дейін қалғанда беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген азаматтарға маңызды ескерту жасалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!