Корея президенті тарихи шешім қабылдағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Корея президенті тарихи шешім қабылдағаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Корея Республикасының президенті Қазақстан басшысына ілтипат білдіріп, оның Сеулге жасаған сапарына айрықша мән беретінін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Корея тарихында айрықша орны бар және қиын-қыстау кезеңде халқына қорған болған генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтару жөнінде шешім қабылдағаныңызға алғыс айтамын. Қазақ халқы кезінде жер аударылған корейлерге пана болды. Осы орайда сізге және қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз", – деді Ли Чжэ Мёң.

 

Келіссөз барысында екі ел жүйелі байланысты үзбеуге, бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Корея Республикасының стратегиялық серіктестігін нығайтуға және оны жаңа әрі нақты мазмұнмен толықтыруға ниетті екенін растады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget