Корей геологтары Қазақстанда литийдің ірі кен орнын тапты. Мамандар оны игеруді жалғастырғысы келеді. Мұны Кореяның геоғылымдар және минералды ресурстар институты (KIGAM) мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Кен орны Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ол жерде бұрын тантал өндірілген.
Институт бұл жер қойнауын Қазақстан үкіметінің сұранысы бойынша зерттеген. KIGAM бұл аймақта құны 15 миллиард доллардан асатын литий қоры бар деп есептейді. Канадалық агенттік жүргізген талдауға сәйкес, осы аймақта табылған литийдің кейбір түрлерінің құрамы 5,3 пайызға жетті.
Салыстыратын болсақ, Батыс Аустралия шахтасындағы литий мөлшері - 2,1 пайыз.
Еске салайық, былтыр күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-да литий өндіретін комбинат салғалы жатқан шетелдік компанияның басшысымен кездескен еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!