Әнші Меруерт Түсіпбаева Ayree-ге деген ренішін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Ayree жақында "Қимай сені барамын" атты әнге жаңа леп берген болатын.
Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, Ayree ол әнді орындамас бұрын рұқсат сұрамаған.
"Осы күнге дейін "Қимай сені барамын" әнін Мейрамбек Беспаев, Алтынай орындаған болатын. Олар бірауыз маған ескертіп, рұқсат сұраған болатын. Қазіргі эстрадаға аяқ басып жатқан жастар әнімді орындаса қуанамын. Бірақ соңғы орындаған Ayree деген әнші менен рұқсат сұраған жоқ. Соған өкпелеп қалдым. Продюсері де хабарласпады. Олардың шешімдері солай болған шығар. Негізінен рұқсат сұрап, әншіге бірауыз ескертуі керек еді. Ол орындап шыққаннан кейін маған өте көп тыңдарманым жіберді. "Сіздің әніңіз еді", "Сіз керемет орындайсыз" деп айтты. Көрдіңіз бе, көрерменнің өзі қызғанып жатыр бұл әнді", - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!