Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында жаңа жобасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл жаңа жоба туралы көпшілік біледі.
"Көпшілік мені "Астарлы ақиқаттан" түбегейлі кетті деп ойлайды, жоқ, мен жәй ғана эфирден кеттім. Өзімнің жеке жаңа жобамды бастайын деп жатырмын. Тіпті бастадым деп те айтуға болады. Өйткені оның алғашқы эфирлері жарыққа шықты, көрсетілді. Бірақ қазір шағын үзіліс алдық, жобаның форматын өзгертіп, одан да ауқымды етспек пе деп жоспарлап отырмыз.
Бұл бір керемет жоба болайын деп тұр. Әзірше тек атауын ғана айта аламын, көрермен біледі. "Динамен дұрыс" бағдарламасы эфирге жол тартқан болатын. Ол сұхбат форматында болды, енді кішкене өзгертіп, ауқымды, күшті етіп шығарамыз. Қазіргі таңда бұл бағдарламаның 8 сериясы менің Youtube-арнамда тұр", - деді тележүргізуші.
Айта кетейік, бұған дейін Дина Төлепберген "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқанын мәлімдегені хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз