ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2022 жылғы 27 шілдеде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Ведомство мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуіне байланысты болған.
Бұл дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажет көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.